20-қыркүйек-Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдрахманова Гульден Туяковна жоғары сынып оқушыларымен «Тілім-тірегім» атты интеллектуалды-танымдық сайыс өткізді. Оқушылар үш тілді меңгеруі бойынша білімдерін көрсетті. Сұрақтарға жауап берді. Мақал-мәтелден жарысты. Өлеңдерді мәнерлеп оқыды.