Жаңалықтар

20-қыркүйек-Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдрахманова Гульден Туяковна жоғары сынып оқушыларымен «Тілім-тірегім» атты интеллектуалды-танымдық сайыс өткізді. Оқушылар үш тілді меңгеруі бойынша білімдерін көрсетті. Сұрақтарға жауап берді. Мақал-мәтелден жарысты. Өлеңдерді мәнерлеп оқыды.

Тілдер апталығының ашылуы. Бүгін №21 орта мектепте қазақ, орыс және ағылшын тілдері апталығының ашылуы өтті, оған 5-8 сынып оқушылары белсене қатысты. Барлық мұғалімдер мен оқушыларды іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз. […]

2024 жылдың 1-тамызында «21 орта мектеп» КММ-сінде балаларды бастауыш мектепке дайындау мақсатында «Балақай мектебінің» алғашқы күні өтті. Балалар мектеппен, мектеп ережесімен таныстырылды. Математика, сауат ашу сабақтары өтті. Біз әріптердің элементтерімен танысып, баспа сандарын жаздық! Мектеп асханасымен таныстыру болды

16 сәуір күні «Бөбек » бала-бақшасында мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында ашық есік күні ұйымдастырылды. » N 21 орта мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімдері «Айгөлек » тобының тәрбиешісі Ерназарова Гүлмира Серікбай қызы мен» Аққу» тобының тәрбиешісі Степанова Лилия Александровнаның сабақтарына қатысып, тәрбиеленушілердің өте жоғары деңгейдегі білімдеріне тәнті болды. Заманауи жаңа […]

29 наурыз күні қазақ тілі және әдебиеті пәнінің бірлестігінің отырысы өтті. Күн тәртібінде 1. Қазақ тілі пәні бойынша ІІІ-тоқсан үлгерімінің қорытындысын талдау жасау; 2. «Оқушылардың қызығушылығын оятудың әдіс-тәсілдері» баяндама Байбуллина Г.М. 3.Дарынды оқушылармен жасалған жұмысқа есеп. 4. Пәндік апталықтың өзіндік талдауын жасау туралы сұрақтар қарастырылды.

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ерғалиева С. Қ. бастауыш сынып оқушыларымен өткізген сабағы қызықты және тартымды болды. Сабақ барысында тиімді әдістерді пайдаланумен қатар , ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға баулыды.