2026–2027 оқу жылында мектебімізде оқушылар үшін бірыңғай қою көк түсті мектеп формасы енгізіледі. Бұл талап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына (2025 жылғы 19 мамырдағы өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) сәйкес жүзеге асырылады. Мектеп формасына қойылатын талаптар: 🔹 Түсі – қою көк. 🔹 Үлгісі – классикалық стильде. 👔 Ұл балаларға: * пиджак, жилет, шалбар; * ақ түсті көйлек (күнделікті және салтанатты); * суық мезгілде – тоқыма жилет немесе ақ водолазка. 👗 Қыз балаларға: * пиджак, жилет, белдемше немесе шалбар; * ақ түсті классикалық блузка, сарафан; * суық мезгілде – тоқыма жилет немесе ақ водолазка.